Қала көшелерін мерекелік безендіру үшін қазынадан қыруар қаржы бөлінетіні қоғам тарапынан жиі сынға ұшырайды. Жалпы Шыршаға мемлекет бюджетінен ақша жұмсау орынды ма? Біз осы сауалды тұрғындарға қойдық.
– Енді шағындап бөлсе. Шынында да миллиондап, миллиардтап бөліп жатыр ғой. Артықтау деп ойлаймын.
– Негізі енді шырша, елка дегенді біздің бала шағымыздан келе жатыр ғой. Бала шағымыздан ондай елканы көріп, біттей кезімізден білеміз. Шыршаның не екенін. Сондықтан бөлінуі керек. Балаларымыз үшін. Көрсін тоже. Бірақ ондай сонша ақшаны көп деп ойлаймын.
– Бюджет қаражатын жұмсауды дәл осы мереке үшін, шырша үшін құптамаймын. Егер әкімшілік дәл осы мерекеге орай бір дүниелер ұсынғысы келсе, халыққа бюджеттен тыс басқа бір қаржы көздерін қарастырғаны дұрыс деп ойлаймын.