Бүгін елдің оңтүстік аймағында жер сілкінісі сезілді. Мамандар 2 балл тіркеген. Тербеліс Түркістан облысы мен Шымкент және Тараз қалаларында байқалған. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспедициясы» орталығы жер дүмпуін бүгін сағат 15:20-да болғанын растады. Ал эпицентрі - Ауғанстанда болған. 6,4 магнитудағы жердің қозғалуы Гиндукуш тауының етегіндегі Джурм ауылына жақын жерде болған. Бұл аумақ Алматының оңтүстік-батысынан 856 шақырым қашықтықта жатыр.
Данияр Әлімқұл