Мемлекетке 53 млрд теңгенің активтері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке 53 млрд теңгенің активтері қайтарылды

11.01.2024

Мемлекетке 53 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Бұл туралы өткен жылды қорытындылаған бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов айтты. 1367 қадағалау актісі қаралып, 5932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған. 1500 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды, деді ол. Бас көлік прокуратурасының алқа отырысында Алматы метросы бойынша тергеу аяқталғаны білгілі болды. Бюджет қаражатынан 5 миллиард теңгеден астам ақша жымқырды деп күдікке ілінген «Метрополитен» және «Алматыметроқұрылыс» компаниясының лауазымды тұлғаларның ісі сотқа жолданған. Сонымен қатар метро салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу