Париж полицейлері автобуспен шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж полицейлері автобуспен шеруге шықты

11.01.2024

Франция астанасы Парижде полиция офицерлері төбесі ашық автобусқа мініп, шеруге шықты. Олар биыл өтетін Жазғы Олимпиада кезіндегі жұмыс жағдайы мен жалақы туралы келіссөздерді жеделдетуді талап етіп жатыр. Және де шерушілер барлық тәртіп сақшыларына мың жарым еуродан бонус төлеуді сұрады.

Париж Олимпиадасы биыл шілденің 26 күні ашылады. Француз үкіметі сол салтанаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 30 мыңдай полицей мен жауынгер тартуды жоспарлап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу