Атырауда мәйітхана қызметкерлері заңсыз ақша иемденген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мәйітхана қызметкерлері заңсыз ақша иемденген

11.01.2024

Атырауда мәйітхана қызметкерлері заңсыз ақша иемденген. Әлеуметтік желіде тұрғындар мәйітхана қызметі үшін ақшаны мекемеге емес, жеке тұлғаға төлегендерін айтып шағымданған. Оның үстіне, 13 мың теңгеден басталатын қызмет құны 100 мың теңгеден асып кеткен. Осылайша, 900 мыңға жуық қаражат басқа азаматтың шотына ешбір негізсіз аударылған. Бұған қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеру жүргізді. Заңсыз қаржы бюджетке өтіп, үш лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Жалғас Букаев, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:

Ритуалдық қызметтерге кәсіпорынның есепшотына аударылады ғой, соны өздерінің қызының каспи банк арқылы телефон нөмірлерін беріп, соларға негізсіз аудартқызған. Қазіргі уақытта бұл бұзушылықтар қалпына келтірілді.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу