Талдықорғанда алғашқы жайлы мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда алғашқы жайлы мектеп ашылды

10.01.2024

Талдықорғанда мемлекет қаржысын жымқырғандардан өндірілген қаражатқа салынған жайлы мектеп пайдалануға берілді. Бұл Жетісу облысында осы бағытта салынатын білім шаңырақтарының алғашқысы. 1200 оқушыға арналған мектеп құрылысы мен материалдық-техникалық жабдықталуына 3,2 млрд теңге жұмсалды. Мекемеде үлкен мәжіліс залы, 400 орындық асхана, бірнеше шеберхана және мультимедиялық сыныптар бар. Әзірге 660 оқушы қабылданды. Жалпы облыста жайлы мектеп бағдарламасымен 7 білім шаңырағының құрылысы басталды. Оның үшеуі Талдықорған қаласында.

Дина Қайыржанова, қала тұрғыны:

Қуанышымызда шек жоқ. Қатты қуанып жатырмыз. Үш балам да осы мектепке келеді. 9-шы сыныпта, 7-ші сыныпта, 2-ші сыныпта. Білімдері жақсы болсын! Мықты-мықты шәкірттер шықсын! Білімді балалар шықсын! Ұстаздарға бас иеміз осы мектептің.

Қуаныш Қанаұлы


Хабарламаларға жазылу