Маңғыстауда қызылша жұқтырғандардың саны республикалық көрсеткіштен асып кетті. Қазір аймақта 380-нен астам науқас бар. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 % - ға жоғары.
Облыста 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бүлдіршіндердің дерті асқынған. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Тағы 100-ден аса адам ауруханаларда емделуде. Көпшілігі - бала. Сондай-ақ, 3 жүкті әйел бар. Ал одан бөлек 300-ге жуық тұрғын үйде ем қабылдауда. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта инфекция ошағы пайда болған жағдайда вакцина қоры жеткілікті.
Аягөз Оралбайқызы