Ресейде демографиялық ахуал нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде демографиялық ахуал нашарлады

10.01.2024

Ресей жасанды түсік тастау жағынан көш бастаған мемлекеттер қатарында тұр. Сондықтан елде жүктілікті жасанды жолмен үзуге тыйым салынбақ. Заң жобасы қазір парламент қарауында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі жүктілікті жасанды үзуге арналған дәрі-дәрмектерді сатуды шектеп, жеке клиникаларды дәрілік жолмен түсік жасатуды тоқтатуға міндеттемек. Басты себеп – Ресей демографиялық тоқырауға ұшырады.

Ирина Киркова, азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:

Биыл Ресейде демографиялық мәселені шешу үшін бағдарламалық жоспар қабылданды. Тек заң бойынша шектегенімізбен нәтиже шықпайды. Сондықтан жан-жақты зерттелуі тиіс. Жас отбасыларға қолдаудың да маңызы зор.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу