ШҚО-да энергия тапшылығы жыл санап артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да энергия тапшылығы жыл санап артып келеді

10.01.2024

Шығыс Қазақстан облысында былтыр сағатына 1,3 миллиард киловатт электр тапшы болды. Өңірдің өзінде 7 гидро станса және 3 жылыту электр орталығы бар. Бұл нысандар жыл сайын сағатына 7 миллирад киловатт энергия өндіреді. Алайда аймақта соңғы 5 жылда энергияға деген сұраныс ерекше артқандықтан тапшылық қатты сезіледі. Оған қоса өңірдегі 20 мың шақырым болатын энгерия сымының 94 пайызы ескі. Тек 2 пайызы ғана жаңаланды. Ал жетпейтін энергия көрші Павлодар облысы мен Ресейден тасымалданады. Былтырдан бастап Өскемен жылыту орталығында қосымша қазандық пен турбина салынып жатыр. Алдағы жылы облыс орталығында тағы бір жылыту электр орталының құрылысы басталмақ. Ол 2027-жылға қарай іске қосылады.

Нұрлан Рамазанов, облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Өскемен қаласында жылу электр орталығын салу көзделген. Оның қуаты – 360 мегаватт электр энергиясы және 1007 гигакалория жылу энегриясы. Жоспарланған қуаттар іске қосылатын болса, бізде Шығыс қазақстан облысы мен Абай облысында электр энергиясының тапшығы деген мәселе туындамайтын болады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу