Еуропада электр қуаты мен газ қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада электр қуаты мен газ қымбаттады

10.01.2024

Еуропада күн суытқалы электроэнергия қымбаттады. Ауа температурасы -44 градусқа жеткен Солтүстік Еуропа елдерінде тоқтың киловатт сағаты 1 еуродан асты. Бұған дейін 9 цент болатын. Барынша үнемдегеннің өзінде норвегиялықтар үйін жылытуға бір тәулікте 100 еуро төлеуге мәжбүр. Сондай-ақ, қарт құрлық елдерінде көгілдір отынның бағасы да күрт көтерілді. Қазір газдың мегаватт сағаты 34 еуро.

Хуан Мотэ, Брюссель қаласының тұрғыны:

Үкімет шұғыл шара қолданбаса дағдарыс күшейеді. Жаппай қымбатшылық. Тапқанымыз коммуналдық қызметке төлеуден артылмайды.

Андриас Симсон, тәуелсіз сарапшы:

Нарықтағы тұрақсыздықтың кесірінен баға шарықтай береді. Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ЕуроОдаққа Катардан сығымдалған табиғи газ тасымалы кешігетін болса жағдай тіпті қиындайды.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу