Атырау облысында екпе екпіні бәсең. Мәселен, 59 мың адамға екпе егу жоспарланғанымен, әлі күнге дейін 25 мың доза ғана салынған. Өңірде/ күні бүгінге дейін 7 мыңнан астам адам вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілініп, оның 2 309-ы зертханалық жолмен дәлелденді.
Айкөркем Нұрғалиева, Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Қазіргі ауырып жатқандардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың барлығы екпе алмағандар. Қызылша ауруының алдын-алудың ең басты тиімді жолы вакцина-профилактика болып саналады.
Ақмола облысында, қызылша жұқтырған екі адамның жағдайы ауыр. Оның біреуі-бала. Жалпы қазір ауруханада 21 бала ем алып жатыр. Дені - вакцина алмағандар. Мамандардың айтуынша, былтыр облыста 800-ге жуық адам екпе алудан бас тартса, биыл олардың саны 2500-ден асқан. Әсіресе, Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданында жағдай тұрақсыз.