Үкімет басшысы тасқынға қарсы күресті күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы тасқынға қарсы күресті күшейтуді тапсырды

09.01.2024

Еліміздегі 1,5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстың 300-ге жуығы әбден тозған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі баяндады. Сырым Шәріпхановтың сөзінше биыл тасқын болу қауіпі жоғары. Болжамға сай, қаңтар-ақпан айларында ауа температурасы нормадан 1,2 градус жылы болады. Оның үстіне, қар қалың. Сондықтан алда-жалда тасқын бола қалса, жедел әрекет ету үшін 40 мыңға жуық адам, 11 мың техника, 500-ден астам жүзу құралы мен 3 мыңнан астам мотопомпа әзірленді, - дейді министр. Ал Үкімет басшысы бұл жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырып, әкімдерге дайындықты қазірден бастауға тапсырма берді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Бүгінде еліміздің шамамен 90% аумағын қар басып жатыр.Мұның барлығы су тасқыны қаупін арттыра түседі.Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді-мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу