Петропавл жылу-электр орталығының жаңа мұржасы іргетасына дейін бұзылады. Былтыр тамыз айында құлаған мұржаның орнына салынып жатқан жаңасы бір жағына қисайып кетіп, нысандағы құрылыс тоқтаған еді. Жоба авторлары тиісті зерттеулер жүргізіп, ресми қорытынды шығарды. Енді наурыз айына дейін мұржа толық бұзылады.
Эльмира Кәленова