Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астана қаласында қатты көктайғақ және боран болып, республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Осыған байланысты жолда қалған азаматтарды пойыздарға отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Астана қаласында екінші аусымда оқитын бастауьш сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді.
Синоптиктер алдағы үш күнде де қолайсыз ауа райының сақталатынын айтып отыр. Қалың қар жауып, көктайғақ болады. Оның артынша, өзге антициклонның әсерінен қатты жел көтеріліп, аяз түсуі мүмкін. Ауа температурасы Солтүстік және Орталық Қазақстан аймағында минус 20-30 градусқа, ал шығыста 18-23 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан мамандар құбылмалы ауа райында абай болуды ескертеді.
Полицейлер қар құрсауында қалған 900 көлікке жол бастады
Ақмола полицейлері қар құрсауында қалған 900-ге жуық көлікке жол бастап жүрді. Қазіргі уақытта патрульдік экипаж жеңіл және жүк көліктері қозғалысын елорда бағытында жалғастырып жатыр. Ауа райына байланысты Ақмола өңірінде барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысы шектелген.