Жамбылда жаппай төбелес. Қордай ауданы, Отар қалашығында әскерилер мен көше жастары топтық төбелеске барған. Салдарынан екі адам бірнеше жерінен ауыр дене жарақатын алған. Түнгі төбелестің арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Ал төбелеске қызға деген сезімнің қатысы болғанға ұқсайды. Жастармен жаға жыртысқан Гвардиялық гарнизонның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері болып шықты. Екі жауынгер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Төбелеске қатысқан 4 тұрғын да тергеліп жатыр. Ал қорғаныс министрлігінің өкілдері, қос тарап әскерилер мен жастар болып екіге бөлінбегенін айтады. Бар болғаны екі әскери қызметші таныстарының ортасында болған, - дейді. Оқиғаға ізімен «бұзақылыққа бару», «қорлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Данияр Әлімқұл