Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасына Үкімет резервінен 208 млн теңге бөлінді. Қазір аймақта қосымша жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам егілген. Вакцина алғандардың қатарында 6 айдан 10 айға дейінгі, 2 мен 4 жас аралығы және 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бар. Сондай-ақ, облыстағы медицина қызметкерлері толықтай егілген. Енді қосымша иммундау науқанында 72 мыңнан астам тұрғынды қамту жоспарларланған. Ал, ел бойынша бүгінде 930 мыңға жуық адам вакцина алып үлгерді.
Аягөз Оралбайқызы