Мобильді аударымдар туралы жиі қойылатын сауалдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді аударымдар туралы жиі қойылатын сауалдар

08.01.2024
Мобильді аударымдар туралы жиі қойылатын сауалдар

Кәсіпкерлер тек қолма-қол төлем талап етсе, заңды ма?

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - заңсыз. Карта арқылы төлем қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталанса, айыппұл - 40 АЕК.


Егер кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартса, қайда жүгінуге болады?

Кәсіпкер қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе, тұтынушы мемлекеттік кіріс органдарына шағымдана алады.


Туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма?

Жеке тұлғалар бұрынғыдай мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады. Ешқандай шектеу жоқ.


Такси жүргізушілері төлем қабылдау үшін кассалық аппарат алып жүруге міндетті ме?

Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Олар қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдау үшін онлайн режимде кәсіпкерлік банк шотын аша алады. Кассалық аппарат пен POS-терминал алып жүрудің қажеті жоқ.



Дереккөз Мемлекеттік кірістер комитетінен алынды. 



Хабарламаларға жазылу