Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен 3 айлық нәресте шетінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен 3 айлық нәресте шетінеді

08.01.2024

Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен 3 айлық нәресте шетінеді. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, ауруханаға ауыр жағдайда түскен еді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2-ші қаңтар күні Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 5 адамды күйік шалған. Ауыр жарақаттан 3-ші және 5-інші қаңтар күндері 60 жастағы ер азамат пен 54 жастағы әйел адам көз жұмды. Қазір сол үйдің 22 жастағы келіні мен бір бала ауруханада.

Хабарламаларға жазылу