Президент қомақты инвестиция тартуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қомақты инвестиция тартуды тапсырды

05.01.2024

Бүгінде өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру негізгі міндеттердің бірі. Ол үшін мемлекет басшысы Үкіметке Инфрақұрылымды дамыту жос¬парын әзірлеу туралы тапсырма да берген болатын. Ал «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбатында ірі инвесторлар¬мен осы мәселе пысық¬талып, нақты жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

«Тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орын¬дау¬ға жекешелендіру және активтер¬ді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвес-тициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген».
 
Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу