Маңғыстауда «Бекі-басқұдық» су құбырына қайтадан жоба жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда «Бекі-басқұдық» су құбырына қайтадан жоба жасалады

05.01.2024

Маңғыстауда Бекі ауылының тұрғындары 11 жыл бұрын жүргізілген су құбырын әлі күнге пайдалана алмай отыр. Себебі, жоба сапасыз болып шыққан. Сондықтан «Бекі-Басқұдық» су құбырын қайта құрылымдауға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы -315 млн теңге бөлінген. Қаражат игеріліп, су жүйесін іске қосқанда, тағы да мәселе туындады. 7 шақырым аумақта құбырлар жарылып, жоба тоқтатылған. Енді қайтадан жоба жасақтауға 1 жылдай уақыт қажет. Аймаққа іс-сапарымен келген сенатор Бекбол Орынбасаров мәселенің бақылауда тұрғанын, су құбырын тез іске қосудың амалдары қарастырып жатқанын жеткізді. Бекі ауылында 400 дей халық тұрады. Тұрғындар ауыз суды тасып ішуде.

Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

Жатқан трубалар өздері де шіріген. Физикалық свойствосы кеткен ғой. Сондықтан сол 7 км-ге отдельно жоба жасалу керек. Сондықтан тез жасау үшін қандай процес, бірінші кезекте мына жергілікті атқарушы органның балансына беру керек. Сонда тез жасалады. Жоба жасақталады. ол экспертизадан өту керек. Сондай өзінің процедуралары бар ғой. Бюджеттік процедуралар. Содан біз өтіп шығуымыз керек.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу