Астанада спорттық бал биінен Silk Way-2016 әлем кубогы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада спорттық бал биінен Silk Way-2016 әлем кубогы өтеді

12.06.2016
Астанада спорттық бал биінен Silk Way-2016 әлем кубогы өтеді

Спорттық балл биінен Silk Way-2016 Әлем кубогында 500 жуық бала жарысқа түседі, - деп хабарлайды Астана Әкімдігінің баспасөз қызметі.

Silk Way-2016 шарасына Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің бишілері қатысады.  

7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.

- Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.

Хабарламаларға жазылу