Алматыдағы автобус апатынан жарақат алып ауруханаға түскен науқастардың соңғысы бүгін үйіне шығарылды. Ауыр жарақат алған 50 жастағы әйел ауруханада 13 күн ем қабылдады. Ол нөмірі 7 қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жағдайда түскен еді. Бұған дейін нейрохирургиялық бөлімшесінде ем алған екі адам да үйіне шығарылған. Бірі автобус жүргізген 36-дағы әйел болса, екіншісі 55 жастағы ер адам. Еске салайық, Алматыда автобус аялдама маңында тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Апатқа қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушының жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрғаны себеп болған. Салдарынан ол есінен танып, көлік тізгінсіз кеткен еді. Жантүршігерлік апаттан үш адам қайтыс болды.
Әйгерім Ердаулет