Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

05.01.2024

Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Оның ішінде бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, ғылым және технологиялық саясат, жылу энергетикасы және басқа да заң жобалары бар. Жалпы сессия басталғалы 35 заң қабылданған. Мәжіліс спикері партиялық фракциялар мен бір мандатты депутаттар белсенділігінің артуы Парламенттегі пікірталас деңгейін көтергенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екенін айтты.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу