Астаналық тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өзгерістерді түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өзгерістерді түсіндірді

05.01.2024

Астаналық тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өзгерістерді тағы да түсіндірді. Енді отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары арыз жазбаса да полиция іс қозғай алады. Яғни, отбасының шырқын бұзатындарға жаза күшейді. Ал ерлі-зайыптылар татуласу үшін сотқа бір рет қана бара алады. Бұл жөнінде Астана қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Мамандар зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қызмет көрсететін дағдарыс орталықтарының жұмысына да тоқталды. Мәселен, Астанадағы «Үміт» дағдарыс орталығына былтыр 200-ден аса адам тұрақтаған. Жәбірленушілерге психолгиялық көмекпен қатар, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама мәселелері бойынша кеңес беріледі. Құжаттарды дайындауға көмек көрсетіледі. Полиция қызметкерлері де зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

Әйгерім Даркембаева, Астана қалалық ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

Әр бейсенбі күндері проблемалық отбасылармен жан-жақты жұмыстар жүргіземіз. Үкіметтік емес ұйымдармен, психологтармен, заңгерлер, медиаторлармен отбасылық мәселелер жан-жақты зерделенеді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу