Елімізде тұрғын үй үшін есепке тұру ережесі жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұрғын үй үшін есепке тұру ережесі жаңартылды

05.01.2024

Елімізде тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін есепке тұрудың жаңа қағидалары бекітілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұрғын үй құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар тегін көрсетеді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдымен Еgov.kz электронды порталына кіріп өтініш қалдырасыз және бірнеше құжат ұсыну қажет: Ол үшін әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі; Егер қазіргі тұрғын үйіңіз санитариялық-эпидемиологиялық немесе техникалық талаптарға сай келмесе, оны дәлелдейтін құжаттарын ұсыну қажет. Егер отбасында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адам болса, пәтерде бірге тұру мүмкін болмаса, қызмет алушы аурудың тиісті түрін растайтын құжаттарды өткізуі тиіс. Айта кетейік, бұйрық қаңтардың 15-і күні күшіне енеді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу