Еуропаның Скандинавия елдері боран мен аяздан зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның Скандинавия елдері боран мен аяздан зардап шегіп отыр

05.01.2024

Еуропаның Скандинавия елдері боран мен аяздан зардап шегіп отыр. Бір Швецияның өзінде мың шақты көлік қар құрсауында қалған. Осыған ұқсас жағдай Данияда, Нидерландыда және Финляндияда да қалыптасып отыр. Оларда да жолдар жабылып, тұрғындарға алыс сапарларға шықпауға кеңес берілді. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, аймақтың кейбір мемлекеттерінде ауаның температурасы 43 градусқа дейін төмендеген.
Франция, Германия, Ұлыбритания, Бельгияда алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Францияның солтүстігінде көшелер өзенге айналып, мыңдаған үй топан судың ортасында қалды. Ал Брюссель мен Люксембург арасында осындай апатқа байланысты пойыздар қатынасын тоқтатуға тура келген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу