АҚШ-тың Айова штатындағы мектепте атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Айова штатындағы мектепте атыс болды

05.01.2024

АҚШ-тың Айова штатындағы мектепте атыс болып, бір жасөспірім қаза тауып, бесеуі жараланды. Шабуылды осы білім мекемесінің 17 жастағы оқушысы жасаған. Ол кейіннен өзіне қол жұмсады. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, Дилан Батлер есімді бала таңертең сабақ басталмай тұрғанда оқ жаудырған. Не үшін ондай әрекетке барғаны әзір белгісіз

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу