Павлодар облысы, Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасындағы опырылған шахта астында қалған құтқарушыларды іздестіру жұмыстары бүгін қайта жалғасты. Естеріңізге сала кетейік, 4 адам отырған автобус жер астына құлап кеткен болатын. Кеше 24 жастағы және 53 жастағы екі адамның денесі шығарылды. Қазір 150 метрлік шыңыраудан автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы іздестіріліп жатыр. Құтқару шарасына 70 тен аса адам мен 20 ға тарта техника жұмылдырылды.
Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі:
Құтқарушыларды іздеп жатырмыз, екі адамды. Бұл жерде қиындық туғызып тұрған жаңағы құлаған жердің жан-жағы төмен қарай түсіп , сырғып құлап жатыр жер. Сол қиындық туғызып тұр. Құтқарушыларға қауіп бар. Сол себепті үстінен арқанмен түсіп жатыр.
Болат Аманбаев