Қаңтар оқиғасынан кейінгі өзгерістер: Президент мақаласы жайлы саясаттанушы Мақсат Жақаумен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасынан кейінгі өзгерістер: Президент мақаласы жайлы саясаттанушы Мақсат Жақаумен сұхбат

04.01.2024

Президент кешегі сұхбатында Қаңтар оқиғасына және одан кейінгі өзгерістерге кеңінен тоқталды. «Қаңтар оқиғасына және одан кейінгі өзгерістерге кеңінен тоқталды. «Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болды деп сеніммен айта аламыз». Реформаны қалай бағалайсыз? Басты өзгеріс деп нені айтар едіңіз? Бұл өзгерісті қазақстандықтар қазір қаншалықты сезіп жатыр деп ойлайсыз?

Сұхбатта бірқатар қауесеттерге де жауап айтылды. Мәселен, 2026 жылы сайлау болып, оған қазіргі Мемлекет басшысы түседі екен деген желсөз тарапты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұның жалған ақпар екенін айтып, Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді деді. Осыған байланысты сіздің ойыңыз және Қазақстан бұрынғы жүйеге қайта оралуы мүмкін бе? 

Хабарламаларға жазылу