Президент көкейде жүрген сауалдарға жауап берді – қытайтанушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент көкейде жүрген сауалдарға жауап берді – қытайтанушы

04.01.2024

Қытаймен арадағы визасыз режимді Қазақстан азаматтары тиімді пайдалануы тиіс. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры, қытайтанушы Дүкен Мәсімханұлы, Президент сұхбатынан осындай ой түйген айтады. Мемлекет басшысы бүгінде Астана мен Бейжің­нің байланысы жоғары деңгейде екенін, қазақ-қытай қатынастары көпке үлгі болып отырғанын айтты. Шығыстағы көршімізбен ынтымақта болу Қазақстан үшін аса маңызды, дейді қытайтанушы.

Дүкен Мәсімханұлы, қытайтанушы, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры:

Біздің азаматтарымыз қазір енді Үрімшіге, Пекинге, Хайнаньға немесе Гуанчжоу сияқты ірі –ірі өндірістік қалаларға барып кәсіпорын ашып жатқан немесе біріккен кәсіпорын ашу үшін инвестиция тарту үшін өзінің бизнесіне біздің азаматтарымыз көптеп барып жатыр. Өзімізге-өзіміз мықты болсақ, заңымыз бекем болса, азаматтарымыз патриот болса кім не істей алады? Сондықтан мәселенің бәрі өзімізге келіп тіреледі. Осы тұрғыдан келгенде Президенттің Қытай туралы арғы-бергіде қалыптасқан негізсіз үрейді қою керек деген сөзі де осыны меңзейді.


Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу