Биыл Қазақстан тарихында ерекше орны бар біраз тұлғаға құрмет көрсетіледі. Бұл еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді,-деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазазақтан тарихының көптомдығын құрастыру жұмыстарына шетелден 60-қа жуық маман, елімізден 200-ден аса тарихшы жұмылдырылғанын ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
«Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз».
Тәуірбек Бозекен