Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейеді

04.01.2024

Бала-шағасына жұдырық ала жүгіретіндерге жаза күшейеді. Қазір Мәжілістің бір топ депутаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа әрі тиімді шара қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында бұны толығымен қолдайтығынын айтты. Басылымда жарық көрген бұл мақала қазір ел ішінде қызу талқыға салынып жатыр.

Ерлан Наурызбаев, заң ғылымдарының магистрі:

Ішкі істер қызметкерлері бұл жерге келіп, болған істі баяндау барысында өздері қылмыстық іс ашу құқығына ие болды. шын мәнісінде, зайырлы құқықтық мемлекет немесе құқықтық мемлекет құрамыз дейтін болсақ, қоғамда тәртіп орнатуымыз керек. Ал қоғамдағы тәртіп әрбір отбасында болу керек деп ойлаймын.

Алдаберген Қонарбаев, қоғам белсендісі:

Қазақта қоғамда әйел адамдар барлық қиындыққа төзеді, шыдап біледі. мысалы күйеуінен жанағы таяқ жеп жатса да. арты қылмысқа әкеліп жатыр. Қазір небір түрлі қылмыстық жағдайлар көбейіп жатыр. Әсіресе әйел адамдардың өлімі. балалардың тұрмыстық зорлыққа көп ұшырауы. Президент кешегі мақалада осы мәселенің нүктесін қойды деуге болады. Өйткені, әкімшілік жаза емес енді қылмыстық іске тартылады.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу