Мемлекет басшысы Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

04.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу