Елордада Олимпиада ойындарына дайындық бойынша штаб ашылды. Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшелері мен басшылары бас қосқан жиында спортшалардың дайындығы пысықталды. Олар Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер мен Париж-2024 жазғы Олимпиадасы және Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, қатысушылардың спорттық киім үлгілері де таныстырылды. Ал Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ұлттық Олимпиада комитетіне спортшылардың дайындық барысын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
Парижға 205 мемлекеттен, 10,5 мың спортшы, 32 спорт түрінен қатысады. Ұлттық құрама командамыз 20 спорт түінен қатысады деп үміттенеміз. Қазіргі таңда өзімізде 17 лицензия, 8 спорт түінне бар. Бірақ біздің алдымызда 80 астам лицензиялық турнирдер бар.
Тәуірбек Бозекен