Саясаттанушы: Президент сұхбатта қоғамдағы мәселелерге жеке-жеке тоқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясаттанушы: Президент сұхбатта қоғамдағы мәселелерге жеке-жеке тоқталды

04.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында, қоғамдағы мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Осылай деген саясаттанушы Қазбек Майгелдинов әсіресе, ұлттық болмысты анықтау мәселесіне ерекше мән берілгенін айтады. Сонымен қатар тарихтың ашылмаған беттерін қайта зерттеу, «Алтын Орда» мәселесі де көтерілгенін жеткізді. Президент сұқбат барысында бүгінге дейінгі жетістіктерді ой елегінен өткізіп, алдағы мақсат-міндеттерге назар аударды дейді саясаттанушы.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Бұл өте маңызды. Неге десеңіздер қазіргі таңда геосаяси турбулентті жағдайда, жалпы сыртқы саяси мәселелерді қарайтын болсаңыздар кез-келген елдің, қоғамның тұрақты дамуы қазіргі таңда өте маңызды болып отыр. Осы тұрғыдан алған кезде Президент тек қана еліміздің экономикалық немесе әлеуметтік, қоғамдық дамуын ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы қоғам тарапынан болып жатқан сұраныстағы мәселелерге жеке-жеке тоқталып кеткен.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу