Жетісу облысы туризм саласына ден қоймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысы туризм саласына ден қоймақ

04.01.2024

Жетісу облысы былтыр экономикалық көрсеткіштері бойынша төртінші орынға тұрақтады. Бұл туралы аймаққа іссапармен барған сенат депутаттары айтқан. Алдағы жоспар осы қарқынды жоғалтпай жаңа міндеттерді орындау,- дейді депутаттар. Кербұлақ ауданында бірқатар әлеуметтік нысанды аралаған сенаторлар мәслихат депутаттарымен де кездесті. Облыс бойынша шешімін таппай жатқан мәселелер қозғалды. Алдағы жылда да Жетісу үшін туризм саласын түрлендіру міндеті тұр.

Амангелді Төлемісов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Балқаш жағалауында демалыс орындарын салуға байланысты инженерлік-комуникациялық желілерді тартуға қаражат бөлінді. Осы жұмыс өз нәтижесін берсе туристердің демалыс аймақтарына көптеп келуіне, ол өз кезегінде облыстың бюджетіне көп қаражат түсіруіне өзінің септігін тигізеді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу