Қазақстандық авиакомпания ұшағының Лондон әуежайына экстремалды қонуы британиялықтарды таң қалдырды. «Air Astana» әуеакомпаниясының ұшқыштары қатты дауылды желге қарамастан жолаушылар мінген бортты аман-есен қондырды. «BBC» телеарнасы жариялаған кадрларда ұшақтың теңселгені байқалады. Куәгерлер әуе кемесі экипажының кәсібилігінің жоғары бағалады. Ұшқыш екінші айналымға кетпей, тепе-теңдікті сақтап қалды. Англияда «Хэнк» дауылы соғып, екпінді желмен бірге үздіксіз жауын жауды. Электр жарығы өшіп, пойыз қатынасында да кедергілер болды.
Аида Ахметбек