Түркия терроризмге қарсы күресте Иранды қолдайды. Режеп Тайып Ердоған ирандық әріптесі Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесіп, Керман провинциясында болған лаңкестік шабуылда қаза тапқандарға көңіл айтты. Сондай-ақ терроризммен бірге күресуге шақырды. 4-ші қаңтар, яғни бүгін Иран президенті мен Режеп Тайып Ердоған Анкарада жеке келіссөздер жүргізуі тиіс еді. Қайғылы оқиғаға байланысты Ибрахим Раисидің, Түркияға сапары кейінге қалдырылды.
Айя Мүтәлі