Павлодар облысында автобус жер астына құлап кетті: 2 адамның денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында автобус жер астына құлап кетті: 2 адамның денесі табылды

04.01.2024

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кеніші жанында шахта опырылып, 4 жолаушысы бар автобус жер астына құлап кетті. Апат болған жердің тереңдігі 150 метр. Автобуста жүргізуші және үш құтқарушы болған. Фабрика өкілдері шыңырауға құлаған адамдардың тірі қалуы неғайбыл деп отыр. Олар шахтада болған апатқа бара жатқан. Ал, шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Қазір жедел штаб құрылған. Құтқару шарасына 44 адам,13 техника жұмылдырылды. Жаңа ғана келіп түскен ақпарат бойынша, автобуста болған екі адамның денесі табылыпты. қалған адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Болат Аманбаева


Хабарламаларға жазылу