Алматылық саудагерлер қолма-қол есеп айырысуға көшкен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық саудагерлер қолма-қол есеп айырысуға көшкен

03.01.2024

Онлайн аударымдар бақылауда болады дегеннен бастап Алматыда кейбір кәсіпкерлер қолма-қол есеп айырысуға көшкен. Электронды түрде сауда жасап үйреніп қалған көпшлік те, телефонмен төлеуге шектеудің қойылып жатқанына наразы. Мегаполистегі жағдайды әріптесім Әйгерім Ердәулет айтсын.

Иә, Алматыдағы шағын дүкен мен базардағы саудагердің көбі әлі QR немесе картамен төлем қабылдамайды. Тауар ақысын қолма-қол бергеніңді қалап тұрады. Тек басқа амал қалмаса ғана онлайн аударым жасайтын нөмірді ұсынады. Осылай, терминал тұрса да, төлемді қолма қол қабылдаймыз дейтін саудегерлер де бар. Бұл жайт қағаз ақшаны қалтасына салып жүрмейтіндер үшін үйреншікті емес.

Экономист Мақсат Халық, бұл ретте ең алдымен тұтынушының құқығы ескерілуі шарт екенін айтады. Мейлі ол қолма қол төлем жасасын, немесе QR мен карта арқылы төлеймін десе де өз еркі. Бірақ тапқанын көрсеткісі келмейтін кәсіпкерлерұзаққа бармайды, түбі онлайн төлемге біржолата үйренетіміз сөзсіз дейді.

Мақсат Халық, экономист:

Негізінен қолма-қол ақшаның айналымдағы үлесі азайып келе жатыр жыл сайын және де бұл үрдіс көлеңкелі экономикамен күресуге өз септігін тигізіп отыр. Егер статистикаға қарайтын болсақ, соңғы 3 жылдықта, жалпы ішкі өнімге шаққан кезде көлеңкелі экономиканың үлесі 30 пайыз болған, одан кейінгі жылы 23 пайызға дейін азайды. Өткен жылы ол 19 пайызға дейін кеміді. Демек, көлеңкелі экономика азайып келе жатыр. Осы жерде онлайн банкингтің аударымдар, электронды төлемдер жүйесінің қосқан үлесі орасан.

Ал Кірістер комитеті келесі жылы, биыл көп аударым жасаған адамдардың тізімін банктер салық органдарына жіберетінін айтады. Егер үш айда 100-ден аса аударымнан асса, онда бақылауына ілігеді деген сөз. Тексеріс барысында кәсіпкердің табысын жасырып қалғаны анықталса, кірісінен 3 пайыз салық төлеуі қажет. Бұл бизнес өкіліне жалпыға бірдей декларация тапсыруы кезінде де оң әсер ететінін түсінуі қажет, - дейді мамандар.

Айнұр Сартаева, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Бұл кәсіпкер декларация тапсырып отырған кезде оның шығындары оның табысынан жоғары болса онда аталған азаматқа қатысты сұрақ туындайды. Яғни кез келген азамат атаулы салық төлеуге, өзінің табысын жасырмауы керек.

Сондықтан қазірден клиенттің төлеген ақшасын жеке шотқа емес, кәсіпкерлік мақсатта ашылған есепшотқа қабылдауы жөн екенін ескертеді. Айта кетейін, 3 пайыздық салықты «оңайлатылған салық» режиміне жұмыс істейтіндер төлейді. Яғни олардың айналымы 89 миллион теңгеден асып кетпеуі қажет. Егер одан көп болса, жалпыға бірдей режимімен 10 пайыздық салық төлеуге міндеттеледі.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу