Түркияда студенттер Қазақстан туралы кеш өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда студенттер Қазақстан туралы кеш өткізді

03.01.2024

Түркияның Ескішехир қаласында оқитын студенттер Қазақстан жайлы кеш өткізді. Анадолы университетінде өткен шарада еліміздің тарихы туралы сахналық көріністер қойылып, Қазақстанның өткені мен бүгіні баяндалды. Шәкірттер ән айтып, би билеп, ұлттық өнерімізді таныстырды. Жиын соңында Ыстамбұлдағы Қазақстан сауда және мәдениет орталығының атынан белсенді студенттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Әли, Чад мемлекетінен келген студент:

Мен осы университеттің экономика факультетінде оқимын. Бүгінгі кеш мен күткеннен де ерекше болды. Бұрын Қазақстан туралы өте аз білетін едім. Бүгінгі кеште тек Қазақстанның тарихы ғана емес, музыкасы, өнері туралы да көптеген жаңа мағлұмат алдым.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу