12 өңірде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 өңірде дауылды ескерту жарияланды

03.01.2024

Бүгін Астана, Шымкент және 12 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер күндіз көктайғақ болып, тұман түседі деп болжам жасап отыр. Қазірдің өзінде Маңғыстауда жел күшейіп, Қостанай, Қарағанды, Абай, Павлодар, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында ұйытқып боран соғып тұр. Түнде осы аталған облыстарда ішінара жол жабылып, төтенше жағдайлар қызметі алыс жолға шықпауды ескертті.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу