АҚШ-тың Мэн штаты да Дональд Трамптың келесі жылы президенттік сайлауға кандидат ретінде түсуіне тыйым салды. Бұған дейін дәл осындай шешімді Колорадо соты қабылдаған еді. Олардың мәлімдеуінше, экс-президент 2020 жылғы сайлаудың нәтижесі бұрмаланғаны жайлы жалған хабар таратып, жақтастарын Капитолийге шерумен баруға шақырған. Бұл уәжбен келіспеген Трамптың сайлауалды штабы Мэн басшылығына қарсы дереу шағым түсіретінін ескертіп, бұл тыйымды сайлау процесіне араласу деп атады.