Биыл әлем бойынша мұнай бағасы 10 пайызға арзандаған. Бұған «қара алтынға» сұраныс төмендейді деген қауіптің себеп. Дегенмен, биржалардағы бүгінгі соңғы саудада Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,4 пайызға қымбаттап, 77 доллар 48 центке сатылған. Бұдан бұрын энергетикалық шикізат бірден 3 пайызға арзандаған еді. Оған Қызыл теңізден мұнай танкерлерінің көптеп өтуіне қайта мүмкіндік туды деген хабар түрткі болды.