Жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімі қысқаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімі қысқаруы мүмкін

29.12.2023

Жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімі қысқаруы мүмкін. Мұндай ұсыныс Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Олардың ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар. Соңғыларын мемлекет жеңілдікпен несие беру және кәсіпкерлерді оқыту бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланады. Жекешелендірудің 2021-25 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау кезінде Qazaq Air әуе компаниясын бәсекелестік ортаға беру мәселелері де көтерілді.


Хабарламаларға жазылу