Қызылорда облысында шалғай ауылға ауыз су берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында шалғай ауылға ауыз су берілді

29.12.2023

Қызылорда облысы Арал ауданының Көктем ауылы ауыз су желісіне қосылды. Ұзақ жылдан бері құдықтан су ішіп келген елдімекен жұрты жаңа жыл қарсаңында тіршілік нәріне қол жеткізіп, қуанышқа бөленіп отыр.

Жалпы Арал ауданындағы ауыз сусыз отырған елдімекендердің мәселесі бұған дейін ұлттық арнадан көтерілген болатын. Енді міне, 40-қа жуық түтіні бар шалғайдағы ауылдың басты мәселесі шешімін тауып, әр үйге ауыз су тартылды. Тұрғындар тіпті су жылытқыш орнатып, орталықтандырылған су желісінің игілігін толық көріп отыр.

Айнагүл Ерболатова, ауыл тұрғыны:

Бұрын жер асты суын ішетін едік. Енді Сарыбұлақтың суы келіп, үйімізге кіріп жатыр. Қазір енді құдайға шүкір жақсы алға қарай ілгерілеп келе жатырмыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу