Депутаттар мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе жұмыс істесе ғана өңір дамиды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен өткен мәслихат депутаттарының облыстық форумында осылай айтылып, әр түрлі мәселені шешу жолы талқыланды. Жыл басынан бері облыстық мәслихаттың 8 сессиясы өткізіліп, 115 шешім қабылданған. Сессияларда облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, облыстық бюджет 4 рет нақтыланған. 14 мемлекеттік мекеменің есебі тыңдалып, сын-ескертпелер айтылған.
Айнұр Әбілқасым