Астанада 37 адам тағамнан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 37 адам тағамнан уланды

29.12.2023

Астанада тағы да астан улану дерегі тіркелді. «Okadzaki» мейрамханаларының бірінде тамақтанған 37 адам әлеуметтік желілерде уланғанын айтып, жазба жариялаған. Іле-шала қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс жүргізген. Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Еске салайық, дәл осы. «Okadzaki» мейрамханалар желісінің бірінде былтыр 100-ге жуық адам уланған еді. Кейін қылмыстық іс қозғалып, қоғамдық тамақтану желісі соттың шешімімен 1 миллион 110 мың 900 теңге көлемінде айыппұл арқалаған болатын. Және де желіге тиесілі бір нысан қызметін тоқтатты.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу