Микронесие қарызын кешіктіргендерге жаңа талап енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микронесие қарызын кешіктіргендерге жаңа талап енгізілмек

27.12.2023

Микронесие қарызын кешіктіргендер кредит төлеу тәртібін өзгерте алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Борышкер микроқаржы ұйымдарына қарызды 30 күннен кешіктірген жағдайда жүгіне алады. Өтініш мобильді қосымша немесе пошта арқылы қабылданады. Егер тараптар келіссе, 15 күннің ішінде несие төлеу тәртібі өзгереді. Құжат 11 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу