Атырауда нәресте ауруханада көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда нәресте ауруханада көз жұмды

27.12.2023

Атырауда эпидемиологиялық ахуал төмен. Жедел респираторлық вирустық инфекция дендеп тұр. Дәрігерлер дабыл қағуда. Күні бүгін инфекциядан нөмірі екінші облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде сәби көз жұмды. Нәресте бұған дейін 9 мен 15 желтоқсан аралығында аталған инфекция бойынша және бронхит диагнозымен стационарда емделген. Тіпті, денсаулығы жақсарып, ата-анасымен үйге жіберілген. Бірақ екі күннен кейін дене қызуы жоғарылап, жөтел күшейіпті. Жедел вирусты инфекцияның ауыр өтуіне және өкпе қабынуының асқынуына байланысты нәресте 23 желтоқсан күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлық реанимациялық шаралар өткізілгенімен, сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер.

Надя Ерғалиева, №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры:

Осы оқиғаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталды. Комиссия және сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана нақты ақпарат бере аламын.

Өкінішке қарай, биыл Атырау облысында 118 бала көз жұмған. Ал жедел респираторлық вирустық инфекция бойынша бұл жағдайға дейін өлім-жітім тіркелмеген. Тап осы індеттің асқынумен 163 адам ем қабылдап жатыр. Қызылша ауруымен күресіп жатқан науқастардың саны - 97.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу